«Men Qazaqpyn» мегажобасының Республикалық кезеңінде ақтөбеліктер алғашқы шығармаларын орындады

Дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген жобаның ақтық сайысына жолдама алған ақтөбелік өнерпаздар жоғары дәрежеде өнер көрсетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Астана қаласында өтіп жатқан Республикалық кезеңде терме жанрында Ермек Мұңсызбаев, дәстүрлі ән бағытында Динара Шынарбаева, күй бағыты бойынша Шабай Әзірбаев облыс намысын қорғап жатыр.

«Бүгін алғашқы кезеңі басталды. Барлығы 54 қатысушы бақтарын сынап жатыр, соның 34-і келесі кезеңге өтеді. Біздің облыстан келген өнерпаздар жоғары деңгейде өнер көрсетті. Мен Наурызбек жыраудың «Азамат ерді сақтасын» атты термесін орындадым. Бүгін сол нәтижесін күтеміз», — дейді термеші Ермек Мұңсызбаев.

Пікір қалдырыңыз