Ақтөбелік танымал меценат Исламбек Салжанов Қобдада салынған спорт кешеніне 5 млн теңгенің жабдығын тарту етті

Исламбек Салжанов жаңадан ашылған ғимаратқа спорт құралдарын сыйға тартқан, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Биыл мамырда салынып біткен аудандағы үлкен спорт ғимараты қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Үлкен залдан бөлек, су бассейні бар кешенге Қобдадан шыққан кәсіпкер 5 миллион теңгенің спорт құралдарын тарту еткен.

Айта кетейік, Салжанов осыған дейін ауданда 320 орындық балабақша салып берген болатын.

Пікір қалдырыңыз