Ақтөбелік кәсіпкерлер үйде отырып-ақ бизнеске қатысты кеңестер ала алады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «AtamekenServices» атты электронды ақпараттық жүйені іске қосты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Аталған электронды жүйе көмегімен кәсіпкерлер кез келген жерде, тіпті, үйде отырып-ақ, компьютер немесе мобильді телефон арқылы сервистік көмек алуға арыз бере алады, сонымен бірге бизнеске қатысты барлық қызметтер бойынша кеңес алады.

Сондай-ақ, басқа қоғамдық орындарда терминалдар орнатылады. Осы терминал арқылы кеңесші қашықтан кәсіпкерлерге бизнеске қатысты қызметтерді ұсынады.

Пікір қалдырыңыз