Ақтөбеде алдағы жексенбіде тауға жүгіруден жарыс өтеді

Қала сыртындағы «ТАУ» демалыс базасы аумағында өткізілетін шараға кез-келген қала тұрғыны қатыса алады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«ТАУ 400» — бұл 400 м биіктікке тауға жүгіру. Трасса еңістігі 45 градус. Жарысқа спортпен шұғылдануға қарсы көрсетімі жоқ барлық адамдарға қатысуға болады.

Жарыс жекелей есепте келесі жас құрамы бойынша өтеді:

Ер: 12-13 жас, 14-35 жас 36-44 жас, 45+
Әйел: 12-13 жас, 14-35 жас 36-44 жас, 45+

Жарыс жеңімпаздары медаль, грамоталармен және ақшалай сыйлықпен, қалған қатысушылар финишер медальдарымен марапатталады.

Жиналу: сағ.: 8.00
Старт: сағ.: 9.00

Пікір қалдырыңыз