Ақтөбенің бас даңғылында екі көлік өртеніп кетті

Көрнекі сурет: Gorod.lv

Араға бір сағаттай уақыт салып екі түрлі мекенжайда болған өрт дер кезінде сөндірілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«УАЗ» және «Lada» маркалы автокөліктердің өртенуі салдарынан зардап шегіп, қаза тапқандар жоқ.

«Алдымен сағат 12.17-де Әбілқайыр хан даңғылы бойында «УАЗ» маркалы автокөлігі өртеніп жатыр деген ақпарат түсті. Өрт сөндірілгеннен кейін, 13 сағат 33 минутта сол Әбілқайыр хан даңғылында «Lada» автокөлігінің жанып жатқаны туралы хабар жетті. Өрт сол сәтте сөндіріліп 15 маман, 3 техника жұмылдырылды», — дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз