Ақтөбе полицейлері тапа-тал түсте құрылыс алаңынан материалдарды не үшін әкеткен

Көрнекі сурет: fainaidea.com

Тәртіп сақшыларының тапа-тал түсте мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан үйдің алаңынан материалдарды тиеп жатқан видеосы желілерде тарап кеткен болатын.

Облыстық ІІД хабарлауынша, оқиға Бадамша ауылында аудан әкімдігіне жақын жердегі құрылыста болған. Видео авторы оқиғаның 4 маусым күні түсірілгенін айтады. Учаскелік полицейлердің құрылыс заттарын қызметтік көліктеріне не себепті тиеп алғандығын ІІД қызметкерлері былай түсіндіреді:

«Бұл жерде ешқандай тонау болған жоқ. Қандыағаш қаласында оқу жаттығу жүргізілген кезде күркелердің астына түсеу үшін алынған заттар. Оқу-жаттығу шаралары аяқталғаннан кейін барлық зат қайтарылды. Барлығы да келісім бойынша рұқсатпен алынған», — деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен.

Пікір қалдырыңыз