Музыкадан хабары бар ақтөбелік сақшылар отбасыларымен бірге бір сәт сахнаға шықты

Ақтөбеде тәртіп сақшылары отбасыларымен сахнаға шығып, бар талантын паш етті. Астананың 20 жылдығына орай А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжде өткен ән байқауына Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал, Қандыағаш ішкі істер желілік бөліністерінің қызметкерлері және олардың өнерге жақын отбасы мүшелері қатысты.

Ұйымдастырушылар барлық қатысуыға сый-сыяпат көрсетіп, алғыс хаттар табыстады. Ән байқауының жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болған Ақтөбе ст. ІІЖб бастығы, полиция полковнигі С.Сәрсеновке департамент басшылығы тарапынан грамота табыс етілді.

Сайыс ережесі бойынша ең үздік деп танылғандар Көліктегі ІІД намысын алдағы уақытта аумақтық ән-байқаудың екінші кезеңінде қорғайтын болады.

Пікір қалдырыңыз