Ақтөбенің Орталық базарында шыққан өртте ешкім зардап шекпеді

Бүгін түс қайта Ақтөбе қаласындағы Орталық базардан өрт шықты. Өрт сөндірушілерге хабар 16-36-да келіп түскен. 17-13-да тілсіз жау толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіруге 41 адам мен 9 техника жіберілді.

«Өрт аумағы 160 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін базарда тазалық күні. Сондықтан мұнда саудагерлер мен сатып алушылар жоқ.

Пікір қалдырыңыз