Ақтөбелік кішкентай рекордшы министрден алғыс хат алды

Ақтөбелік рекордшы Мұса Тұрғымбаев «Street Workout KZ» челленджіне қатысып, белсенділік танытқаны үшін алғыс хат алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мұса Тұрғымбаев турникке тартылудан Қазақстан рекордтар кітабына енген кішкентай спортшы. Ол ел ішіндегі әлеуметтік, спорттық бастамаларға да жиі қатысып тұрады. Бұл жолы Мұса «Street Workout KZ» челленджіне қатысып, бұқаралық спортты қолдады. Белсенді спортшыны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтады. 8 жастағы ақтөбелік ынталандыру сыйлығына ие болды.

Пікір қалдырыңыз