Ақтөбеде екі баланың анасы 25 қабатты тұрғын үйден секіріп кетті

Ақтөбеде 2 баланың анасы 25 қабатты тұрғын үйден секіріп кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіге Ақтөбе қаласындағы 25 қабатты тұрғын үйден секіріп, мерт болған әйелдің суреті жарияланды. Желі қолданушыларының бірі ҰБТ-ға кінә артса, өз-өзіне қол жұмсаған әйелді танығандары оның 2 баласы бар екенін, өзінің сол маңда жұмыс істейтінін жазды. Әрі қаза болған әйел бұған дейін де 22-қабаттан секіріп кетпек болып, күзетшілердің көмегімен аман қалғанын жазуда.

Өз кезегінде, облыстық ІІД баспасөз қызметі әзірге ақпарат таратпай отыр.

Пікір қалдырыңыз