Ақтөбеде «Әлия гүлі» таланттарды іздейді» фестивалі басталды

Ақтөбеде «Әлия гүлі» қазақ би ансамблінің 40 жылдығы мен Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туған күніне орай фестиваль-байқау өтіп жатыр.

«Әлия гүлі» таланттарды іздейді» фестиваль-байқауы биыл үшінші рет ұйымдастырылып жатыр. Осы жылы барлығы 12 би ұжымы бақ сынайды. Олар Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының өнерпаздары.

«Негізгі мақсат – би өнерін дамыту, өнердегі достыққа ықпал еті, өзара тәжірибе алмасу, би өнеріндегі таланттарды анықтау. Байқау кезінде Ресейден келген Вера Исхакова, Әзірбайжаннан Магомед Гулиев әділқазы болады. Бүгін кешкі сағат 19:00-де қалалық мәдениет үйінде «Әлия Гүлі» достарымен бірге» мерейтойлық мерекелік концерт өтеді. Ал ертең сағат 10:00-де Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туған күніне орай «Әлия» мемориальдық кешенінде фестиваль қатысушыларының шеруі және гүл қою рәсімі өтеді»,- деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Ал 15 маусым күні кешкі сағат 20:00 қалалық мәдениет үйінде байқау қорытындыланып, концерт болады.

Пікір қалдырыңыз