Бес айда Қазақстан жолдарында 225 адам қаза тапты

2018 жылдың 5 айында Қазақстанда жол-көлік оқиғалары салдарынан 225 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы 5 айда жаяу жүргіншілерге қатысты 2 418 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 225 адам қаза тауып, 2 340 адам жарақат алды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ЖКО мен жарақат алғандар саны 7,9 пайызға төмендеді», — деді Алмас Садубаев.

Сонымен қатар ол министрлік мүдделі органдармен бірлесе жол үстіндегі қауіпсіздік аясында тиісті жағдай жасау үшін кешенді жұмыстарды іске асырып жатқанын атап өтті.

Пікір қалдырыңыз