Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің биылғы түлектері шет елдің жоғарғы оқу орындарына шақырту алды

Физика-математикалық бағытты тереңдетіп оқытатын білім ордасы осы жылы Халықаралық мектептер кеңесінің аккредитациясына ие болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Құрылғанына бес жыл болған мектептің жетістіктері көп. Республикалық деңгейдегі білім додаларынан бөлек Халықаралық жарыстарда жүлделі болған шәкірттері де көп.

«Биылғы жылы Ұлыбританиядағы Кембридж университетінде Назарбаев зиятерлік мектебінің он күндігі өтті. Біздің мектептер сол елдің мектептерімен білім бағдарламасы тең деген дәреже алды. Нақты бізге келетін болсақ біздің тарихи жетістігі десек те болады. CIS аккредитациясына қол жеткіздік», — дейді мектеп директоры Сабыржан Садуақасов.

Биылғы мектеп бітіріп жатқан түлектердің тең жартысы тегін оқуға қол жеткізген. Тіпті, әлемнің әр елінен білім алуға шақырып жатқан жоғарғы оқу орындары бар екен.

«Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі бесінші рет соңғы қоңырау мерекесін өткізгелі отыр. Биыл 175 түлек бітірмекші. Арасында тоғыз түлек алтын белгіге үміткер болса, сегіз түлек үздік аттестаттан үміткер. Олардан жоғары нәтиже күтеміз. Бітіріп жатқан 38 оқушымыз Назарбаев университетінің арнайы бағдарламасына шақырту алды, 25 оқушымызға АҚШ, Германия, Канада, Венгрия, Түркия, Қытай сынды мемлекеттердің жоғарғы оқу орындары тегін грант ұсынды», — дейді мектеп басшысы Сабыржан Садуақасов.

Пікір қалдырыңыз