«Бақытты бала»: Ақтөбеде балалар арасында үстел теннисінен экспресс-турнир өтті

Ақтөбеде «Доп және ракетка — балалық шақтың серігі» атты үстел теннисінен экспресс-турнир өтті.

Шараны «Бақытты бала» жобасы аясында Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық үстел теннисі федерациясы ұйымдастырды. Оған 6-15 жас аралығында 150-ден астам бала қатысты.

«Мені әкем ертіп келді. Бұрын үстел теннисін ойнап көрмеген едім. Қазір бағымды сынап көремін, егер ұнап жатса, алдағы уақытта кәсіби түрде қатысамын», — дейді 7 жастағы Мирас Амантай.

Орталық алаңға жиналған кішкентай бүлдіршіндер жаңбырлы күнге қарамастан тартысты ойын көрсетті. Сонымен қатар, ойыннан бөлек мерекелік бағдарлама бойынша балалар ән айтып, би биледі.

Жеңімпаздарға сыйлықтар, дипломдар, медальдар табысталды. Сондай-ақ, бес номинация бойынша ең үздік қатысушылар арнайы жүлделермен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз