Brent маркалы мұнай бағасы 79,3 долларға дейін жетті

Бейсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнайдың әлемдік бағасы Лондонның шикізат биржаларында қымбаттаса, Нью-Йоркте өзгермеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,02 долларға көтеріліп, баррелі 79,3 долларға жетті.

WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) баррелі 71,49 долларды құрады.

Пікір қалдырыңыз