Ертең ақтөбеліктерді Орынбордан келген жоғары білікті көз дәрігерлері қабылдайды

Орынбор күндері аясында өткізіліп жатырған акция барысында қабылдау жұмыстары екі күнге жалғасады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қалада арнайы ашылған Денсаулық паркі аумағында жұма күні заман талабына сай жылжымалы құрылғы жұмыс жасайтын болады. Тәжірибелі мамандар көзін қаратуға келген жандарға диагноз қойып, емдеу жолдарын түсіндіреді.

Сенбі күні дәл осындай қабылдау жұмыстары Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта жүргізіледі.
Сонымен қатар, Орынбор медицинасының жеткен жетістіктерімен де танысуға мол мүмкіндік туады.

Көрнекі фото: Medicalprofi.ru

Пікір қалдырыңыз