Ақтөбенің ақындары бейнепоэзия эстафетасын бастап кетті

Алғашқыда 10 адамның арасында ғана өтуі тиіс эстафета қазір 60 адамды қамтып отыр. Қатысуға өтініштер әлі түсіп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбенің ақындары бейнекамераға өлең оқу эстафетасын бастады. Бастапқыда 10 адамның арасында ғана өтуі тиіс бейнепоэзия тұрғындар арасында өте танымал болып бара жатыр. «Шұғыла» ақындар орталығының өкілі Индира Керееваның сөзінше, осы шараға қатысуға тілек білдіргендер саны күн сайын артып келеді.

«Қазір қатысушылардың тізімін жасап жатырмыз. Оның ішінде Ертай Ашықбаев, Мейірхан Ақдәулетов, Бауыржан Бабажанұлы секілді үлкен ағаларымыз да тіркелген. Сондай-ақ, ауылда, ауданда тұратын жастардан көп өтініштер түсіп жатыр. Алдымен жастардың өлеңдерін қарап алып, содан кейін ғана тізімге кіргіземіз. Осылайша, 60 адамның тізімін әзірледік», — дейді Индира Кереева.

Айта кетейік, бұл эстафета — байғаниндік ақын Есімбек Жұмағалиевтің идеясы. Әзірге 6 ақынның бейнепоэзиясы жарияланған.

Пікір қалдырыңыз