Ақтөбеде Орынбор облысының аллеясы пайда болады

Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Аллея қай жерде орналасатыны және қандай ағаштар отырғызылатыны туралы Сыртқы байланыс және туризм басқармасы басшысының орынбасары Алмас Салықбаев айтты.

«Ақтөбеде Орын облысының күндерін өткізу аясында Орынбор облысының аллеясын ашу жоспарлануда. Онда шамамен 300-ден астам көшет, негізінен шыршалар, қайыңдар мен өріктер отырғызылатын болады. Аумақты көркейту жұмыстары: қырлы кеспе тастар салу және аркалар орналастыру қосымша жүргізілуде. Арка екі көрші халықтың достық нышанына айналады», — деп атап өтті Алмас Салықбаев.

Аллея қалаға өзінің қызықты нысандарымен белгілі Батыс-2 ықшам ауданында орналасатын болады.

«Біз өз тарапымыздан аллея тұжырымдамасын жасауға өте байсалды қарап, жобаны әзірледік. Бұл жұмыс қазірде жүріп жатыр. Біздің ведомстволар, Орман шаруашылығы министрлігі мәселені Ақтөбе тарапымен бірлесіп қарауда. Осы жоба жергілікті тұрғындар үшін жанға жағымды тосынсый болады деп ойлаймын», — деп толықтырды РФ Орынбор облысының халықаралық ынтымақтастық басқармасы бастығының орынбасары Александр Дьяченко.

Ақтөбе өңірімен шектес жатқан Орынбор облысының күндері облыс орталығында мамырдың 18-і мен 19-ы аралығында өтеді.

Пікір қалдырыңыз