«Aqtоbe Student Fest — 2018»: Жастар арасында шығармашылық байқау өткізіледі

«Мен ақтөбелікпін!» жобасы аясында 16-18 мамыр аралығында «Aqtоbe Student Fest — 2018» студенттердің шығармашылық байқауы өткізіледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Оған өңіріміздің және Орынбор облысының жоғары оқу орындары, колледждерінің үздік шығармашыл студенттік ұжымдары мен жеке орындаушылары қатысады.

Байқауда екі ел жастары музыка, хореография, театр, өзіндік жанр бойынша бақтарын сынап, өз өнерлерін көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз