Сізді жақсы көрем: Қайрат Нұртас Сапарбаевқа айрықша ілтипат көрсетті (фото)

Қазақстанның қалаларын аралап, жеке концертін өткізіп жүрген Қайрат Нұртас өзіне ерекше ілтипат көрсеткен Сапарбаевқа алғысын білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында әнші Instagram парақшасында жариялады.

«Менің өнерімді бағалап, әрдайым қолдап жүрген ел ағасы, өте мейірімді Бердібек Машбекұлы көкеме үлкен алғысымды білдіремін. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосып жүрген көкемнің дені сау болсын деп тілеймін. Сізді жақсы көрем көке», — деп жазды әнші.

Ал еліміздің қос тұлғасының құшақ айқастырған суретін көрген желі қолданушылары «Екеуі де елге еңбегі сіңген адамдар», «Қайрат Нұртас өнерімен тамсандырса, Сапарбаев өзінің істерімен үлгі болып жүр», «Керемет. Сыйластықтарыңыз арта берсін» деп жазды.

Пікір қалдырыңыз