Қазақ күресінен «Ақтөбе облысының барысы» анықталды

Ақтөбе қаласында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне облыстық іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Оған Ақтөбе қаласынан және облыстың барлық аудандарынан 90-нан жоғары салмақтағы 27 палуандар бақ сынасты.

Аталған турнирдің қорытындысы бойынша І орынды Адлет Мисин иеленіп, «Ақтөбе облысының барысы»» атанды. Оған 300 000 теңге көлемінде сыйақы табысталды. Ал, ІІ орынды Еламан Қойшыбаев (200 000тг) және ІІІ орынды Дархан Темірханов (100 000тг) жеңіп алды.

Айта кетейік, І және ІІ орын иегерлері шілде айында Астана қаласында өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.

Пікір қалдырыңыз