Ақтөбеде 89 жастағы әжей газдан уланып, ауруханаға жеткізілді

Ақтөбеде 5 қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Өрт 9 мамыр күндіз болған. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы әзірге нақты ақпарат таратпай отыр.

Астанадағы төтенше жағдайлар комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 4 адам эвакуацияланып, 1 адам құтқарылды. Жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыған.

«1929 жылғы әйел адам иісті газден уланып, ауруханаға жеткізілді. Өрттің алдын ала шығу себебі — электр сымдарының қысқа тұйықталуы», — делінген ведомство таратқан мәліметте.

Көрнекі фото: nv.ua

Пікір қалдырыңыз