Ақтөбе облысының тұрғындары соңғы үш айда 2 млрд теңгені Ресей рубліне айырбастаған

Ақтөбе облысында теңгені рубльге айырбастау көлемі 65 пайызға артқан, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстың «бас банкирі» Перизат Әсімбетованың айтуынша, ақтөбеліктер қолма-қол ақша айырбастауда ресейлік рубльге басымдық беріп отыр. Екінші орында АҚШ доллары, ал үшінші орында еуро тұр.

«Тұрғындарға ресейлік рубльді сату көлемі 64,9%-ға өсіп, 2 млрд. 219 млн. теңгеге жетіп отыр. Тұрғындардан сатып алу көлемі 31,1%-ға артып, 230,4 млн. теңгеге жетті», — деді ҚР Ұлттық банкі Ақтөбе облыстық филиалының басшысы Перизат Әсімбетова.

Өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда, доллардың сатып алу көлемі 25%-ға өскен және сату көлемі 1%-ға төмендеген.

Пікір қалдырыңыз