Самат Смақов Ақтөбе облысы әкімінің кубогіне арналған турнирдің қатысушыларына сәттілік тіледі


Ақтөбеде футболдан 2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында облысы әкімінің Кубогіне арналған III халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Биыл бұл турнир үшінші рет «Бақытты бала» жобасы аясында өткізіліп отыр. Мақсат — жастар арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және жеке құрама арасында достық қатынасты орнату, футбол ойынын дамыту.

Турнирдің ашылу рәсімі жарысқа қатысушылардың салтанатты шеруімен басталды, әрі қарай «Ақтөбе» ФК директоры Самат Смаков құттықтады. Клуб директоры барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, жас спортшылардан көп үміт күтетінін жеткізді.

Жарысқа футболдан олимпиада резерві мектебі (Ақтөбе), «Ақтөбе» ФК, «Пахтакор» ФК (Өзбекстан), «Урал» ФК (Екатеринбург, Ресей), «Носта» (Новотроицк, Ресей), «ОБЖСМ» (Шымкент қ., Қазақстан), барлығы 6 командадан 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы әкімінің Кубогінің иегері 6 мамырда анықталады.

Пікір қалдырыңыз