Ақтөбеде жергілікті университет ректоры түлектерінің барлығын жұмыспен қамтимыз деп мәлімдеді


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Серпін» бағдарламасы бойынша биыл бітіретін түлектердің барлығы жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Биыл тоғыз университетте аталмыш бағдарлама бойынша алғашқы түлектер бітіреді. Ақтөбедегі ірі оқу орнында білім алып жатқан 134 студенттің барлығы өз мамандықтары бойынша облыстағы әр аймақта бекітілген жұмыс орындары бойынша қызмет ететін болды.

«Олардың барлығы облыстық білім басқармасы мен аудан әкімдерімен бірге жүргізілген нәтижелі келіссөздердің арқасы деп ойлаймын. Биыл бітіретін 134 баланың барлығы да қазіргі таңда жұмыс орнына бекітілді. Бірде-бір университетте әлі күнге дейін түгел бекітіліп қойған жоқ», — дейді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков.

Пікір қалдырыңыз