Ақтөбелік Диана Злобина суда жүзуден Қазақстан чемпионатының рекордын жаңартты


400 метр қашықтыққа жүзген Диана Злобина мәреге 4:19,90 уақытымен келді.

Ақтөбе қаласында суда жүзуден Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа елдің барлық облыстарынан, Астана мен Алматы қалаларынан және Ресей Федерациясынан 250-ге жуық спортшы қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша командалық есепте 1-орынды 37988 ұпаймен Алматы қаласы, 2-орынды 33892 ұпаймен Ақтөбе облысы, 3-орынды 30133 ұпаймен Қарағанды облысы, 4-орынды 29186 ұпаймен Астана қаласы жеңіп алды.

Сонымен қатар, 400 метрге еркін жүзуде әйелдер арасында Диана Злобина 4:19,90 уақытымен келіп, ҚР чемпионатының жаңа рекордын орнатты.

Айта кетейік, аталмыш чемпионат Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландиннің қатысуымен өтті. Ол жарыс нәтижесінде 50 метр брасс, 100 метр брасс, 200 метр брасс қашықтықта ең жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Пікір қалдырыңыз