Ақтөбелік шенеунік Даржанова жер алғанымен, кезектен шығарылмаған


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жер алып, кезектен шығарылмағанын әшкереледі. Сонымен қатар, құпия сауалнама кезінде қызметкерлер жұмыс уақытынан тыс кезде де еңбекке тартылатынын жасырмады, деп хабарлайды Aktobenew.kz тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жүргізген жасырын сауалнамаға 3 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер тартылды.

«Сауалнамаға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің 12 пайызы өз міндетіне кірмейтін жұмыстарды атқарып жүргенін жасырмады. Ақтөбе облысы, қаласы әкімдерінің аппараты, Қобда ауданы әкімінің аппаратында осындай жағдай анықталды. Мемлекеттік қызметкер бос жұмыс орындары болған кезде қосымша жүк алуға міндетті болып отыр. Бұған дер кезінде қажетті маманды жұмысқа алмаған басшылар жауапты. Кейбір мемлекеттік мекемеде есепші кадр саласының жұмысымен айналысады. Мәселен, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында кадр қызметкері жоқ, заңгері жұмысты қатар алып жүр. Құжаттама ісін штаттан тыс адам атқарады. Тілдерді дамыту басқармасында кадр жұмысын штаттан тыс қызметкер атқарады. Сыртқы байланыс және туризм басқармасында есепші кадр жұмыстарын атқарады», -деді департаменттің басқарма басшысының міндетін атқарушы Ләззат Қосаева.

Елімізде мемлекеттік қызметкерлер бес күн жұмыс істеп, екі күн демалады. Олар заң бойынша қосымша жұмысқа тартылуы мүмкін, бірақ ол ақылы болуы тиіс. Сауалнама кезінде мемлекеттік қызметкерлердің 36 пайызы жүйелі түрде қосымша жұмыста тартылатындарын жасырмады. Ақтөбе облыстық білім, ауыл шаруашылығы, қаржы, индустриалды-инновациялық даму басқармаларында мұндай деректер тіркелген.

«Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөліміндегі мәліметтерді алынды. Мәселен, Аслан Қарасайұлы 2006 жыл жер кезегіне тұрып, 2007 жылы жер алған. Ал Балқасынов Руслан Асланұлы 2014 жылы жер кезегіне тұрып, 2017 жылы алған. Ал жер кезегіндегі базада 2008 жылы тұрып, әлі де кезек күтіп отырғандардың тізімінен шығарылмаған. Даржанова 2009 жылы кезекке тұрып, сол жылы жер алған. Қазбекова 2008 жылы кезекке тұрып, 2010жылы жер алды. Кәдірбекова 2006 жылы кезекке тұрып, 2010 жылы жер алды. Адамдарға кезектен тыс жер беру басқа қызметкерлердің құқығын бұзу болып саналады. Қазіргі күні 684 мемлекеттік қызметкер тұр. Оның 76-сы жерін алды», — деді департаменттің басқарма басшысының міндетін атқарушы Ләззат Қосаева.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында тұратын мемлекеттік қызметкердің 31 пайызы тегін медициналық қызмет алуды қалайды. Ал, 15 пайызы мемлекеттік спорттық нысандарға тегін баруды жөн көреді. Ал 46 пайызы жер және баспанамен қамтамасыз етуді сұрады.

Пікір қалдырыңыз