Ақтөбелік полицей Мирас Ұлықпанов Жекпе-жектен Қазақстан Кубогында алтын медаль иеленді


Риддер қаласында өткен жекпе–жектен Қазақстан кубогында полиция лейтенанты, Ақтөбе облыстық ІІД жедел қимылдайтын арнайы жасақ сарбазы 26 жасар Мирас Ұлыпанов 65 келі салмақта бірінші орын алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бала кезінен күреспен айналысқан Мирас соңғы жылдары жекпе-жекке ден қойған. Бапкерлері Айбек Шоқпытов пен Әліби Сарин. Мирас өткен жылғы Қазақстан чемпионаты мен Талдықорған қаласында өткен Азия және Атырауда өткен Әлем чемпионаттарының жүлдегері.

Облыстық Ішкі істер департаментінен хабарлағандай, 2013 жылдан бері полицияда қызмет ететін Мирас әскери самбо мен жекпе-жектен спорт шебері.

Осы жолы Риддерде өткен чемпионатта қолынан жарақат алғанына қарамастан, ол белдесулерін сәтті жалғастырып, өз қарсыластарынан озық шыққан.

Пікір қалдырыңыз