Ақтөбе діндарлары қыз балалар тәрбиесімен айналыса бастады


Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақтың салт-дәстүрі және дін» тақырыбында этнографтар және діни қызметкерлермен кездесу өтті. Музейдің «Шолпы» қыздар клубы ұйымдастырған бұл басқосу қыз бала тәрбиесіне арналды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі облыстық мешітке сілтеме жасап.

«Шолпы» қыздар клубының жетекшісі оны құрудағы басты мақсат – қыз бала тәрбиесінде кездесетін мәселелерді зерделеу, осы мақсатта кездесулер ұйымдастыру, қыз бойынан табылуы тиіс ұяңдық, ибалық, имандылық секілді ізгі қасиеттерді үлгі ету екендігіне тоқталды.

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Шынболат Үмбетов қазақ халқындағы қыз бала тәрбиесінің ислам заңдылықтарымен астасып жатқандығын тілге тиек етті. Қыз баланың тәрбиесіне жауапты басты адам – анасы екендігін айтып, оның жастайынан еңбекке баулу, ұстамдылыққа, ұқыптылыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – ізеттілік таныта білуге үйрету, халқының салт-дәстүрі мен тарихын танытып өсіру керектігін жеткізді.

Пікір қалдырыңыз