сәуір 17, 2018

Астананың 20 жылдығына орай Ақтөбеде республикалық ақындар айтысы өтеді

Астананың 20 жылдығына арналған «Ән дарыған далада, шыңға айналған Астанам» атты республикалық ақындар айтысы 19 сәуірде өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, биыл Астанаға 20 жыл, аты аңызға айналған батыр, кіші жүздің ханы Әбілқайыр ханның 325 жылдығы, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына 1 жыл толатын мерейлі белестер жылы. Осы мерейтойлар аясында облысымызда төртінші рет ұйымдастырылып отырған сөз өнерінің майталмандары бас қосқан жыр сайысын өткізу дәстүрге айналып келеді. Айтысты

Бұзылып, жойылудың алдында тұрған ескерткіштер жайы Ақтөбеде өтетін "Марғұлан оқуларында" сөз болады

Ақтөбеде «Марғұлан оқулары» ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Шара барысында «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының жобасы талқыланып, Ұлы Жібек жолының сакралды географиясы талқыланады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Марғұлан оқулары» ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. «Қазақстанның қасиетті жерлері» кіші бағдарламасы мен Астананың 20 жылдығына орай өтетін шараға ТМД елдерінің ғалымдары, музей басшылары мен қызметкерлер қатысады. «Қазақстанның киелі жерлері бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында зерттеу жұмыстары жалғасады. Барлығы 10

Ақтөбелік жас жүзушілер чемпионатта жүлделі орындар алып, жұртты таңғалдырды

Баттерфляй әдісімен жүзген ақтөбелік қыз ҚР Чемпионатының «Ең үздік спортшысы» атанды, деп хабарлайды облыстық спорт басқармасына сілтеме жасаған Aktobenews.kz тілшісі. 11-14 сәуір күндері Астана қаласында жүзуден өткен Қазақстан чемпионатына 365 спортшы қатысты. Ақтөбедегі «Достық» спорт мектебінің шапшаң жүзетін дарынды оқушылары да бақтарын сынады. Сайыс нәтижесінде Диана Тасжанова 100 және 200 метрге баттерфляй жүзуінен бірінші орын жеңіп алды. Сондай-ақ, ол 50 метрге баттерфляй жүзуінен, 50, 100 және 200 метрге шалқалап жүзуден

Ақтөбеде әскери қызметкер жанып жатқан үйден мүгедек қария мен екі бүлдіршінді алып шықты

Ақтөбеде ұлттық ұлан қызметкерлері өртке оранған үйден екі бала мен қарияны аман алып шықты. Оқиға 16 сәуір күні Махамбетов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «№6655 әскери бөлім қызметкері Рысқали Есбаев жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан. Ол жанып жатқан үйден шыққан дыбысты естігенде ойланбастан көмекке барады. Өртке орынған үйдің ішінде 74 жастағы науқас қария мен екі баланы алып шықты», — деп хабарлайды №6655 әскери бөлімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбеде балалар күніне орай өткізілетін байқауға шет мемлекеттерден қатысуға өтініштер түсіп жатыр

Облыс әкімінің тапсырмасымен бастау алған жоба аясында «Бақытты бала – 2018» ашық вокалдық фестиваль байқауы өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Вокалды фестиваль-конкурсқа 10-15 жас аралығындағы балалар қатысады. Қазіргі уақытта ұйымдастыру комитеті қатысуға өтінімдер қабылдауда. Ұсыныстар Грекия, Ресей, Украина, Татарстан, Қытай және Қазақстанның вокалистері тарапынан түсіп жатыр. Компьютерлік өңдеусіз және жанды дауыста орындалған әнді baqyttybala@gmail.com электрондық поштасына жолдау керек. Өтінімдер 15 мамырға дейін қабылданады.

Ақтөбелік дәрігерлер екпеден бас тартқан адамдардың үйін аралап жүр

Ақтөбеде 2600-ге жуық бала екпе жасатпаған. Ата-аналардың басым бөлігі дінге, жеке бас пікіріне сүйенеді. Бүгін ақтөбелік дәрігерлер екпеден бас тартқандарды шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қаласындағы №1 емханада иммундау апталығына байланысты халыққа түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Епкеден бас тартқан ата-аналар толық шақырылғанымен, олардың басым бөлігі келмеді. «Қазақстанда жағдай қалыпты. Яғни, тұрғындардың 95-97 пайызы вакцина алып отыр. Егер екпеден бас тартқандар саны артып, пайыздық үлес төмендесе, кез

"Рухани жаңғыру": Ақтөбеде солақай саясаттың құрбанына айналған дін қайраткерлерінің өмірінен сыр шертілді

«Ақтөбе облысындағы діни қайраткерлер және діни нысандар» тақырыбында өткен облыстық ғылыми конференция барысында солақай саясаттың құрбанына айналған дін қайраткерлері Бисен хазрет, Кәрімберген хазрет, Жұмағали ахун, Рахманқұл ишан, тағы басқаларының өнегелі өмірінен сыр шертілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі облыстық мешітке сілтеме жасап. Шараға профессорлар мен тарихшылар, ғылыми қызметкерлер мен мешіт имамдары, студент жастар қатысты. Конференцияда ғалымдар мен заңгерлер, тарихшылар мен музей қызметкерлері әр түрлі тақырыпта баяндамалар жасады. Соның ішінде, діни ағарту