Бердібек Сапарбаев: «Ақтөбе қаласына әкім қып тағайындасаңыз» деп ойларын ашық айтатындар бар

Бердібек Сапарбаев: "Ақтөбе қаласына әкім қып тағайындасаңыз" деп ойларын ашық айтатындар бар

Бұл туралы Ақтөбе облысының басшысы «Жас алашқа» берген сұхбатында айтып берді.

«Шынымен де, жұрттың бәрі бірден әкім болғысы келеді. Әкім болып бұйрық беру олар үшін бір ғанибет. Бірақ сол биікке табандап жетуді білмейді. Әкім болу үшін де көптеген баспалдақтардан өту керек. Содан болар, бүгінде көп адамдар мемлекеттік қызметке барғысы келмейді», — деді облыс басшысы.

Бердібек Сапарбаевтың пайымынша, көпшілік әкімдіктегі жұмыстың жалақысы аз, жұмысы көп деген сияқты себептерді алға тартатын секілді.

«Жас жігіттерді, әсіресе шетелде білім алып келген жігіттерді жұмысқа шақырсаң, «мені ауданға немесе Ақтөбе қаласына әкім қып тағайындасаңыз, болмаса сізге орынбасар болып келсем» деп ойларын ашық айтады. «Айналайын, ол үшін біраз еңбек етіп, тер төгу керек, тәжірибе жинақтау қажет» десем келіспейді», — деді Сапарбаев.

Әкім сол сияқты 50-60 мың теңге жалақысы бар жай қызметкер болуға да жастардың құлшынысы аз екенін айтады.

«Ең кем дегенде 100 мың теңге жалақы талап етеді. Халықпен кездескен кезде осы мәселе көп айтылады. «Жастар келіп жұмыс істеп көрсін» деп жатамыз. Ол үшін күні-түні шаршамай, таза, адал жұмыс істеу керек», — деді облыс әкімі.

Пікір қалдырыңыз