Ақтөбеде жастар арасында «Айбын-2018» әскери-патриоттық шарасы өткізіледі

Ақтөбеде жастар арасында «Айбын-2018» әскери-патриоттық шарасы өткізіледі

Екінші жыл қатарынан өткізілгелі отырған әскери-патриоттық шараға қала мектептерінен онға жуық команда қатысады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қарулы күштердің құрылған күніне орай өткізілетін әскери жиынға қалалық білім басқармасының қолдауымен жүзге жуық мектеп оқушысы қатысады. Облыстағы жалғыз «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығындағы алаң жарыс өткізуге қазіргі таңда дайын.

«Алдағы 7 мамыр мерекесіне орай «Айбын – 2018» шарасын өткізу жоспарланып отыр. Алаңымызда орналасқан әскери кедергілер арқылы оқушылар өз күштерін сынайды. Әрбір команда таныстыру, саптық жарыс, көздеп ату, қашықтыққа жүгіру сынды кезеңдерден өтеді. Қосымша пейнтбол алаңын қосамыз», — дейді «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығының директоры Бағдаш Тупенова.

Орталық басшысы Әлия Молдағұлованың туған күніне де арнап үлкен патриоттық шара өтетінін айтты.

Пікір қалдырыңыз