Ақтөбеліктерге «Электрондық үкіметтен» керек құжатты қалай алу керектігі түсіндіріледі

16 сәуір күні тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Аталған шарада жер қатынастары, қала құрылысы, білім, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік салалары бойынша мамандар кеңес-нұсқаулар береді.

Сондай-ақ, мамандар тұрғындарға «Электрондық үкімет» веб-порталының көмегімен қызметтерді рәсімдеу тәртібін және оның артықшылығын түсіндіреді.

Аталған мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі 16 сәуір күні сағат 14-00-де «Халықтық кеңсе» ғимаратында басталады.

Пікір қалдырыңыз