Маржан Қорғанбаева: Сәуір айы Ақтөбе үшін «театр айы» болмақ


Облыстық мәдениет басқармасының басшысы сәуір айында театр ұжымы көрерменге әр түрлі бағытта көптеген қойылымдар ұсынатынын айтты. Ірі қалалардан арнайы гастрольдік сапармен театр өнерпаздары келеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Сәуір айында өткізілетін тағы бір мәдени шара Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған «Снайпер» атты спекткаль көрерменге жол тартады.

«Т.Ахтановтың 95 жылдығына орай 21-22 сәуір күндері Халықаралық экспериментальды қойылымдар фестивальі өткізіледі. Қазіргі таңда бағдарламасы бекітілді. 6-8 сәуір аралығында «Ерке» балалар ұжымдары арасында фестиваль өтті. Ол балабақшаның, мектептің кішкентай ғана үйірмелері арасында ұйымдастырылған шара. 25-29 сәуір аралығында гастрольмен Абай атындағы опера және балет театры келе жатыр. 1-5 мамыр аралығында Мұхтар Әуезов атындағы театр ұжымы келеді. Сәуір айы Ақтөбе үшін театралды ай болады», — дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева.

Пікір қалдырыңыз