Ақтөбеде «Театр – өнердің ұлы көші» атты аймақтық халықтық театрлар фестивалі басталды

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған шарада облыс аудандары мен көрші облыстардың әуесқой театрлары бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Фестивальдің мақсаты — өскелең ұрпақты отандық драматургияның ең үздік үлгілерімен таныстыру, әуесқой театр өнерін дамыту, тәжірибе алмасу.

Шараның бір ерекшелігі байқауға қатысушы театрлардың туындылары жергілікті жазушы Тахауи Ахтанов пен ақын Қуандық Шаңғытбаевтың шығармашылығына негізделген қойылымдардан тұрады.

Өнер додасына Батыс өңірінен 11 «халықтық» атақтары бар әуесқой театрлар қатысып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, екі күнге созылатын фестиваль қойылымдарына кіру тегін.

Пікір қалдырыңыз