Алдағы сенбіде Ақтөбеде ат жарыс пен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Ауыл шаруашылығы өнімдері қала тұрғындары үшін нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен бағамен ұсынылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жәрмеңкеге Ақтөбе қаласының жергілікті тауар өндірушілері, жылыжай кешендері және шаруа қожалықтары қатысады. Қала тұрғындары мен қонақтарына ет, сүт, көкөніс өнімдері, кондитер өнімдері базарларға қарағанда 10-15 пайыз төмен бағамен ұсынылады.

Сонымен бірге, қалалық ипподром алаңында тай жарыс, теңге ілу, жаппай көкпар ұйымдастырылады. Бәйгеге қомақты қаражат тігіліп отыр.

Пікір қалдырыңыз