Бердібек Сапарбаев: Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы қалыпты

Бердібек Сапарбаев: Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайы қалыпты

Көрнекі фото. Сапарбаев Қарғалы өзенінің деңгейін тексеріп жатыр, сәуір айы 2017 жыл

Ақтөбе облысының əкімі Б.Сапарбаев жұмыс сапарымен аумақты аралап, Ақтөбе жəне Қарғалы су қоймасын қарап шықты, Қарғалы жəне Елек өзендерінің жағдайымен, қар қорымен танысты.

Ұшу сапарының қорытындысы бойынша төтенше жағдайлар жəне құтқару кезінде жауапты мемлекеттік мекемелерінің жəне Қазсушар, Қазгидромет РМК басшылары қатысқан кезектен тыс комиссия отырысы өткізілді.

«Ұшу сапары көрсеткендей бүгінгі күнге тасқын жағдайы қалыпты, қар қоры да аздау. Бұған қарамастан бізге бір сəтке де босаңсуға жəне жұмыс деңгейін төмендетуге болмайды. Мұнымен қоса ауыл шаруашылығына қажетті су қорын жинақтауды да ұмытпау қажет. Жалпы алғанда тасқынға қарсы жұмыс шараларын жүргізу күнделікті бақылауда», — деді өңір басшысы.

ТЖД бастығы Б.Сыздықовтың мəліметінше, бүгінде Ақтөбе қаласы мен облыстың барлық аудандарында 13 тасқынға қарсы штаб жұмыс жасайды. 7 сəуір күні бойынша 958 қоңырау түсіп, 177 мың шаршы метр су сорылып, 1300 кубометр инертті материалдар мен 420 қаптар əкелінді.

Алға ауданында жолдан асып кеткен су жағдайына кезекшілік тағайындалып, инженерлік техника қойылды. Жұмысқа 1400 адам, 922 бірлік техника, 52 мотопомпа тартылды.

Елді мекеннен 300 мың кубометр қар шығарылды. Тез арада əрекет ету дайындығына 181 азаматтық қорғаныс қызметі жұмылдырылды.

«Қазсушар» РМК облыстық филиалы басшысы Б.Наметовтың мəліметінше, бүгінгі күні Ақтөбе су қоймасында су көлемі 180 млн текше метр немесе 74 пайыз (245 млн), Қарғалыда — 106 млн текше метр немесе 38 пайыз (280 млн), Сазды су қоймасы 7,5 млн текше метр суға толды.

Пікір қалдырыңыз