Ақтөбеде жазасын өтеушілердің қолынан шыққан өнімдер көрмесі өтеді

Ақтөбе қаласында «Нұр Отан» партиясы ғимаратының алдында ертең көрме-жәрмеңке өтеді. Көрмеге жазасын өтеушілердің қолынан шыққан бұйымдар қойылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласында Ішкі істер министрлігі, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «Еңбек Ақтөбе» мемлекеттік мекемесі өз тауарларын ұсынады. «Серпін» көрмесіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысады.

Басты мақсат –жазасын өтеушілерге қосымша тапсырыс алу, жұмыс орындарын ашу. Көрмеге ағаштар, темір бетоннан, металдан жасалған кеңсе, үй жиһаздары қойылады. Кәдесыйлар да болады.

Тұрғындардың сатып алуына, танысуына мүмкіндік бар.

Жоспар бойынша көрмеге облыстағы ірі кәсіпорын өкілдері мен кәсіподақ төрағалары, мемлекеттік мекемелер қатысады.

Барлығы 60-қа жуық ынтымақтастық меморандумына қол қойылады.

Пікір қалдырыңыз