Ақтөбеде облысында мектеп аруы анықталды

Ақтөбеде облысында мектеп аруы анықталды

5 сәуір күні жоғарғы сынып оқушы қыздары арасында сұлулық байқауы өтті.

Жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» ұйымдастырған байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені №32 мектептің 10 сынып оқушысы Лунара Амангелдиева жеңіп алды.

Екінші және үшінші орындарды №25 мектеп оқушысы Айбану Наурызғалиева мен №14 мектеп оқушысы Әсем Жалмұзамбетова иеленді.

Қалған қатысушыларға номинациялар табысталып, демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтар берілді.

Пікір қалдырыңыз