YouTubе-тің штаб-пәтерінде атыс болды


Полицияның дерегі бойынша, YouTubе-тің штаб-пәтерінде әйел адам қарудан оқ жаудырып, үш адамды жарақаттаған. Кейін өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Зардап шеккен үш адам Сан-Францискодағы Цукерберг госпиталіне жеткізілген. Ауыр халде жатқан 36 жастағы ер адам күдіктінің сүйіктісі болған, деп хабарлайды CBS.

Сондай-ақ, 32 және 27 жастағы екі әйел жарақаттанған. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр және орташа ауыр деп бағалап отыр. Сан-Бруно полиция бастығы Эд Барберини офицерлердің оқиға орнына жергілікті уақытпен сағат 12:48-де жеткенін мәлім етті.

Полицейлердің айтуынша, оқиға орнында аласапыран болып, көп адам қашып құтылған. Барберинидің айтуынша, оқ тиген бір адам компания кеңсесінің алдында табылған. Офицерлер бірнеше минут өткеннен кейін өзін-өзі атқан әйел адамның денесін тапқан. Тағы екі зардап шегуші жақын маңдағы мейрамханадан табылды. Оларға қызметкерлер алғашқы көмек көрсетуге тырысқан.

Сондай-ақ оқиға орнынан қашып бара жатып жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілген. Күдікті табылғанда қолында тапанша болған. Оның кім екені хабарланған жоқ.

YouTube штаб-пәтерінде 1700 адам жұмыс істейді. Компания Google-ға тиесілі және сол аудандағы ірі компания саналады.

Пікір қалдырыңыз