Ақтөбеге келген Божко Өнер орталығын көріп, таңданысын жасырмады

Ақтөбеге Президенттің бес әлеуметтік бастамасын түсіндіруге келген Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Өнер орталығы мен Хоккей модулін аралады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеге келген Владимир Божко Өнер орталығына барды. Орталықты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ салып берген болатын. Мұнда облыстық филармония ұжымы қоныстанды.

«Мұнда әр жерде жүрген өнер ұжымдарын басу қосуға мүмкіндік туды. Енді олар замануи орталықта өнерін шыңдап жүр. 1200 орынды концерт залы бар», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбев.

Кейін Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко концерт залына кіріп, «ғажап» деп таңданысын жеткізді. Сахнада оркестр өнер көрсетті. Ал өңір басшысы Бердібек Сапарбаев алдағы уақытта концерт залындағы балконды алып тастап, тағы 100 орын қосылатынын жеткізді.

Кездесу кезінде Өнер орталығының директоры Елубай Кенжалин депутатқа өңірдің жыршы, термешілері мен күйшілерінің арнайы жинағын тапсырды.

Пікір қалдырыңыз