Ақтөбедегі облыстық мешітте отбасыларға кеңес беру орталығы ашылды

Ақтөбедегі облыстық мешітте отбасыларға кеңес беру орталығы ашылды

«Ислам және отбасы» жылы аясында ашылған орталықтан кеңес алу тегін, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде отбасы мәселелері бойынша кеңес беру орталығы іске қосылды. Мұндағы мақсат — отбасы құндылықтарын дәріптей отырып, жанұя төңірегінде туындайтын мәселелерге жауап беру, тұрғындардың өтінішін қанағаттандыру.

Орталықта мешіт имамдары мен әйел ұстаздары тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, келушілерге отбасы мәселелеріне қатысты кеңес береді. Соның ішінде, неке үкімі, талақ айтудың әдебі, жанұядағы ер мен әйелдің міндеттері, жүктілік, бала тәрбиесі, т.б. тақырыптар төңірегінде сауалдар қойылып жатыр.

Пікір қалдырыңыз