Ақтөбеде анасы тастап кеткен жасқа толмаған бүлдіршіннің екі бауыры бар болып шықты

Ақтөбеде анасы тастап кеткен жасқа толмаған бүлдіршіннің екі бауыры бар болып шықты

Ақтөбедегі «Үміт» сәбилер үйінің қызметкерлері анасы тастап кеткен бүлдіршіннің жағдайы жақсы екенін хабарлады.

«Бүлдіршін балалар үйіне 2018 жылдың 26 наурыз күні жеткізілді. Жасөспірімді Сазды полиция бөлімшесінің қызметкерлері мен еріктілер тобы әкелді. Қазір София есімді баланың жағдайы жақсы. 29 наурыз күні баланың «Үміт» балалар үйіне анасы келіп, жағдайын білді. Әйел тастап кетуіне бір жағдайлар болды деді. Тергеу жұмыстарын ІІД қызметкерлері жүргізетін болады. Баланың 2006, 2010 жылғы екі ағасы бар», — дейді «Үміт» сәбилер үйінің әлеуметтік педагогы Жанна Тастанова.

Жасқа толмаған София есімді бүлдіршіннің анасының қарауынсыз басқа үйде жүргенін полицияға ерікті топ өкілдері хабарлаған. Қызуы көтеріліп, жөтеліп жүрген балаға анасы болмаса дәрігерлер қарай алмайтындығын айтқан.

Жағдай полицияға хабарланып, баланың анасы бір күннен кейін табылған болатын. Қазіргі уақытта баласын қараусыз қалдырған келіншектің үстінен іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз