Ресей Сарышағанда зымыраннан қорғаныс жүйесін сынады


Ресей әуе-ғарыш күштерінің әуе және зымыран шабуылынан қорғаныс әскері Қазақстанның Сарышаған полигонында кезекті рет жаңартылған зымыранын сынады, деп хабарлайды Азаттық.

Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты «Красная звезда» газетінің хабарлауынша, Ресей әуе-ғарыш күштері әуе және зымыран шабуылынан қорғаныс құрылымы қолбасшысының орынбасары Андрей Приходько «жетілдірілген зымыраннан қорғаныс жүйесі тапсырманы сәтті орындап, шартты нысананы дәлдеп атып түсіргенін» айтты.

Зымыраннан қорғаныс жүйесінің сынақтан қашан өткізілгені және басқа да егжей-тегжейлі ақпарат берілмеді.

Пікір қалдырыңыз