Биыл Ақтөбе облысында су қоймаларының көктемгі су тасқынына дайындығы қалай?


Облыс аумағында апатты жағдайда тұрған гидротехникалық су құрылымдары жоқ, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыс, аудан көлеміндегі су қоймаларының техникалық жағдайларын «ҚазСуШаруашылығы» мамандары қадағалап отыр. Тексеріс жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.

«Бүгінгі таңда облыс аумағында қауіп төндіретін үш су қоймасы бар. Ақтөбе су қоймасында судың көлемі 50 пайыз, Сазды су қоймасында 28 пайыз, Қарғалы су қоймасында 38 пайыз. Демек, судың басқа қосымша қорын сақтайтын көлемі бар», — дейді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов.

Фото: Panoramio.com

Пікір қалдырыңыз