Ақтөбеде жүргізушілер көлікке мас күйінде отыруын доғарар емес


Ақтөбе облысында 7-14 наурыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өткен болатын. Шара барысында 2,5 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Оның ішінде 75 жүргізуші көлікке мас күйінде отырған. 600-ге тарта көлік иесі жылдамдықты асырған. 100-ден астам көлік жүргізушісі жаяу адамдарды тиісті орындарда өткізбеген», — деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Фото: Tengrinews.kz

Пікір қалдырыңыз