Ақтөбе облысында кәмелет жасқа толмағандарды заңсыз шіркеуге шақырғандар жазаланды


Ақтөбеде №1 орта мектеп оқушыларының Рождество мерекесінде шіркеуге барып, бір баланың тамақтан уланғаны анықталды. Кәмелет жасқа толмағандарды заңсыз шіркеуге шақырған бірлестік басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мектеп басшылығы шіркеуге барып жүрген балалар туралы Ақтөбе облыстық дін істері басқармасына хабарлады.

Іс материалына сүйенсек, 10-11 жастағы оқушылар достарының шақыруымен Рождество мерекесіне барған. Мектеп оқушылары «лагерь бар, сыйлық аламыз» деп барып, діни әдебиеттер алып келген. Балалардың бірнеше рет шіркеуге барғанын ата-аналары білмеген. Тіпті, 8 қаңтар күні шіркеуге барып, астан уланып қалғаны белгілі болды. Осы оқиғадан соң кәмелет жасқа толмаған балалардың ата-аналары наразылықтарын білдіргені анықталды.

Айта кетейік, осы оқиға бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 490-бабы бойынша діни бірлестік басшылығына 120 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Істі қайта қарау кезінде шешім өзгермеді.

Фото: №1 орта мектеп. Yandex.kz

Пікір қалдырыңыз