Трамп мемлекеттік хатшы Тиллерсонды қызметінен босатты

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонды қызметінен босатты. Оның орнына ЦРУ-ды басқарған Майк Помпео тағайындалды. Ал ЦРУ-ға Джина Хаспел келді. Хаспел — ЦРУ-ды басқаратын алғашқы әйел. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Трамп твиттерде «ЦРУ директоры Майк Помпео жаңа мемлекеттік хатшымыз болады. Ол керемет жұмыс істейтін болады. Рекс Тиллерсонға қызметі үшін рахмет! Джина Хаспел ЦРУ-дың жаңа директоры және бұл қызметтегі алғашқы әйел. Барлығын құттықтаймыз!» деп жазды.

Трамп бұл шешімнің себебін түсіндірген жоқ. Өткен аптада Тиллерсон Африкаға сапарын орта жолдан үзіп Вашингтонға оралған.

Пікір қалдырыңыз