Ақтөбе облысының 43 елді мекенінде көктемгі су тасу қаупі бар

Қауіпті аудандарда алдын-ала қосымша қоныстандыру орындары мен төсек-жабдықтар дайындалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Су тасқыны болуы мүмкін елді мекендерге ақпараттандыру жұмыстарымен қатар 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында қауіпсіздік айлығы жүргізіледі.

«Байғанин ауданынан басқа аудандарда барлығы 43-ке елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін. Ол жерлерде барлығы 12500 тұрғын орналасқан. Қазіргі таңда апатты жағдайлардың алдын алу үшін шаралар жасалып жатыр. Уақытша қоныстандыру орындары мен кереует-төсектер дайындалды. Үздіксіз ыстық тамақпен және киіммен қамтамасыз ету үшін келісімдер жасалды», — дейді Ақтөбе облысы бойынша төтенше жағдайлар департментінің басшысы Бауыржан Сыздықов.

Көрнекі фото: Obzor.westsib.ru

Пікір қалдырыңыз