«Сен де үлес қос!»: Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешіті 10 отбасыға көмек көрсетті


«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының аясында жағдайы төмен 10 отбасыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Теңдей үлестірілген азық-түлік пакеттерінің әрқайсысына 3,5 кг ет, 2 кг ұн, 1 кг макарон, 2 кг қызылша, 2 кг сәбіз және 2 кг пияз салынды. Барлығы 125 кг азық-түлік берілді.

Мешіттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жәрдем алған жанұялар қатарында көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Олар мұқтажбен барымен бөлісіп, жәрдемін жеткізуге асыққан мешіт ұжымына шынайы алғыстарын жеткізді.

Пікір қалдырыңыз